«АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
Өңірімізде 01–10 қыркүйек аралығында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу мақсатында «Абайлаңыз, балалар!» атты кең ауқымды профилактикалық іс-шара өткізілді.
Осыған орай колледж жатақханасында студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және жағымсыз әрекеттердің алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, төмендегідей мәселелер қамтылды:
құқықбұзушылық пен қылмыстың салдары;
әлімжеттік пен күш көрсету, бопсалау, зорлық-зомбылықтың қауіптілігі;
ұйымдасқан қылмыс пен топтық төбелестің зияны;
буллинг пен кибербуллингтің психологиялық зардабы;
қаржылық алаяқтық, интернет қауіпсіздігі және интернет алаяқтықтан қорғану жолдары;
нашақорлық пен есірткінің заңсыз айналымының зардаптары;
ойынқұмарлық пен суицидтің алдын алу шаралары.
Сонымен қатар, түн мезгілінде заңды өкілінсіз мекенжайдан тыс жүрудің, қоғамдық орындарда құқық бұзудың және білім беру ұйымдары мен олардың аумағына суық қаруға жататын заттарды заңсыз әкелудің қауіптілігі түсіндірілді.
Оқу-тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары Г. Абдибаттаева өз сөзінде жастардың құқықтық мәдениетін арттырудың маңыздылығына тоқталды:
«Құқықбұзушылықтың алдын алу – әрбір жасөспірімнің қауіпсіздігі мен болашағы үшін маңызды қадам. Студенттеріміз заңға құрметпен қарап, қоғамда бейбітшілік пен әділдікті сақтауға үлес қосуы тиіс. Әрбір жас өз өміріне жауапкершілікпен қараған жағдайда ғана құқықтық мәдениеті жоғары, өркениетті қоғам қалыптасады», – деді ол.
Бұл шара жас буынға құқықтық сауаттылықты арттырып қана қоймай, олардың жауапкершілігі мен азаматтық позициясын қалыптастыруға негіз болады.
