ОТБАСЫ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ
12 қыркүйек – Отбасы күніне орай Халықаралық "ORDA" жоғары колледжінде Студенттік Парламенттің ұйымдастыруымен «Береке бастауы – бақытты отбасы» атты 1-курс студенттерінің қатысуымен ата-аналарға арналған мерекелік концерт өтті.
Іс-шара барысында студенттер отбасының құндылығын дәріптейтін өлеңдерді мәнерлеп оқып, жүрекке жылы әуендер орындады. Сондай-ақ сахналық қойылымдар қойылып, түрлі өнерлерімен студенттер өздерінің жан-жақтылығын көрсетті.
Мерекелік кешке білім алушылармен қатар ұстаздар және ата-аналар қатысып, отбасы құндылығын ұлықтаған жастарға риза болып қайтты.
