• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 11.09.2025
  • 5

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ORDA ЖОҒАРҒЫ КОЛЛЕДЖІ МЕН БІШКЕК МУЗЫКАЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ АРАСЫНДАҒЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Халықаралық ORDA жоғарғы колледжі мен Қырғыз Республикасы Т. Эрматов атындағы Бішкек музыкалық-педагогикалық институты арасында ZOOM жүйесі арқылы онлайн дөңгелек үстел отырысы өтті.
Кездесуге институт ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Мамбетакунов Уланбек Эсенбекович, оқу-ісі жөніндегі орынбасары Рахат Ислановна, тәрбие жұмыстары және мемлекеттік тіл жұмыстары жөніндегі орынбасары Тамара Дилдебековна және колледждің басшылық қызметкерлері қатысты.
Отырыста алдағы оқу жылында жүзеге асатын студенттер мен оқытушылардың өндірістік іс-тәжірибесі мен тағылымдама барысы талқыланып, бірлесіп атқарылатын жаңа бағыттар нақтыланды.
Сонымен қатар, екі оқу орны арасындағы келісім-шарт негізінде колледж студенттері 2025 жылдың қазан айынан бастап Қырғыз Республикасында тағылымдамадан өтуді бастайды. Бұл қадам жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттырып қана қоймай, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға және тәжірибе алмасуға жол ашады.