КОЛЛЕДЖ ОҚЫТУШЫЛАРЫ МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ
Халықаралық “ORDA” жоғары колледжінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауын талқылау бойынша арнайы жиын өтті.
Жиын барысында тарих пәнінің оқытушылары – Жусупова Бота Мәлікқызы, Жунусова Әлия Қамалқызы және Байдильдаева Динара Рысдәулетқызы – слайдтық материалдар арқылы Жолдауда қамтылған негізгі жеті бағытқа жеке-жеке тоқталып, әріптестерін мазмұнымен кеңінен таныстырды.
Талқылау кезінде колледж оқытушылары Мемлекет басшысының еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдетуге, жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізуге және жаңа саяси реформаларды жүзеге асыруға бағытталған бастамаларының маңыздылығын атап өтті. Олар Жолдауда айтылған міндеттердің Қазақстанның болашағы үшін ерекше мәнге ие екендігін айтып, өз тараптарынан қолдау білдірді.
Сонымен қатар, ұстаздар еліміздің дамуы мен өркендеуіне үлес қосу – әр азаматтың ортақ парызы екенін жеткізіп, білім беру саласы арқылы өскелең ұрпаққа заманауи білім мен құндылықтарды дарытуға дайын екендіктерін мәлімдеді.
