• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 06.09.2025
  • 6

БІРТҰТАС ЕЛ – БІРТҰТАС ЖЕР

Жастарды әскери-патриоттық рухта тәрбиелеу және әскери-патриоттық тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық үйірмесі аясында колледждің бітіруші студенттеріне арналған «Біртұтас ел – біртұтас жер» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шара барысында студенттерге Отан қорғаушылардың ел алдындағы абыройлы қызметі мен патриоттық тәрбиенің маңызы жан-жақты түсіндірілді. Шараға арнайы қонақ ретінде колледж түлегі, ҒС-9-32г оқу тобының бұрынғы студенті, қазіргі таңда Отар қаласындағы №21450 әскери бөлімінде барлаушы сарбаз болып қызмет етіп жүрген Әлімжан Кенжебек қатысты.
Әлімжан Кенжебек өз әскери тәжірибесімен бөлісіп, жастармен пікірталас жүргізді. Ол Отан алдындағы борышын өтеудің жауапкершілігі мен мәртебесін атап өтіп, студенттерді елін, жерін сүюге және болашақта ел қорғауға әрқашан дайын болуға шақырды.
Бұл тәрбиелік маңызы зор кездесу студенттердің бойында патриоттық сезімді күшейтіп, елжандылыққа тәрбиелеуде маңызды рөл атқарды.
Үйірме жетекшілері: Н.Тәжібаев, Ә.Нұрмағанбетов