ТІЛ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ
«Педагогикалық және гуманитарлық мамандықтар» бөлімінің ұйымдастыруымен 5 қыркүйек – Қазақстан халқы тілдері күніне орай «Тіл – татулық тірегі» атты викториналық сұрақ-жауап ойыны өткізілді.
Мемлекеттік тілді дәріптеу, көптілділік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ студенттердің білімін шыңдау мақсатында өткізілген шара білім алушылардың қызығушылығын тудырды.
Сайысқа қатысушылар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қойылған сұрақтарға жауап беріп, өздерінің тілдік білімін, ой-өрісін және тапқырлығын көрсетті.
Бұл танымдық шара жастардың тілге деген құрметін арттырып қана қоймай, ұлттар арасындағы достық пен татулықты нығайтудағы тілдің маңызын көрсетті.
