• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 02.09.2025
  • 5

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ORDA» ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНДЕ «АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР!» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

Қызылорда қаласында орналасқан Халықаралық «ORDA» жоғары колледжінде 2025 жылдың 2 қыркүйегінде кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтың, қылмыстың, буллинг пен кибербуллингтің, нашақорлық пен заңсыз есірткі айналымының, интернет алаяқтықтың және басқа да қоғамға қауіпті құбылыстардың алдын алу мақсатында ақпараттық-құқықтық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараға 1-2 курс студенттерінен барлығы 309 студент қатысты.
Жиынды колледж директорының оқу-тәрбие жұмыстары жөніндегі орынбасары Гүлнар Мәуленқызы ашып, құқықтық тәрбие мен құқықтық сауаттылықтың маңызына тоқталды.
Кездесуге Қызылорда қалалық полиция басқармасы ЖПҚб ЮПб УПИ-нің полиция лейтенанттары Шахидинов Жандос Пірәліұлы мен Қаспаев Ербол Болатбекұлы қатысып, студенттерге құқық бұзушылықтың себептері мен салдары, жасөспірімдердің қылмысқа баруына әсер ететін факторлар, сондай-ақ жол жүру ережесі, жеке қауіпсіздік, нашақорлықтың зияны, интернеттегі қауіп-қатерлер мен алаяқтықтан қорғану жолдары жөнінде кең көлемде түсініктеме берді.
Шара барысында бейнероликтер көрсетіліп, студенттердің сауалдарына жауап берілді. Сонымен қатар қаржылық сауаттылық, ойынқұмарлық, вандализм және әкімшілік құқықбұзушылық заңнамасының талаптары да кеңінен түсіндірілді.
Срнымен қатар, студент жастардың құқықтық мәдениетін арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында салааралық бірлескен жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.