ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "ORDA" ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІНДЕ БІЛІМ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ
Халықаралық “ORDA” жоғары колледжінде 1 қыркүйек – Білім күніне орай «Білім күні. Бейбітшілік күні!» тақырыбында салтанатты жиын өтті.
Мерекелік шараның ашылуында колледж директоры Досжанова Гүлжамила Сермағанбетқызы жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, өткен оқу жылының жетістіктерін атап өтті.
Сонымен қатар мемлекет және қоғам қайраткері, профессор, «ORDA» жоғары колледжінің негізін қалаушы, құрылтайшысы Мұрат Бахтиярұлы мен ардагер ұстаз Тобашов Марат Шайхисламұлы жылы лебіздерін білдіріп, ұстаздар мен студенттер қауымына сәттілік тіледі.
Шара барысында 1-курс студенттері де сөз сөйлеп, жаңа оқу жылына деген ыстық ықыластарын, армандары мен алдағы мақсаттарын ортаға салды.
Салтанатты жиын көтеріңкі көңіл-күйде өтіп, жаңа бастамаларға жігер мен шабыт сыйлады.
