
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ! “Жұмысшы мамандықтар” жылы мен Байқоңыр ғарыш кешенінің 70 жылдығына орай Байқоңыр қаласында өткен «МЕНІҢ МАМАНДЫҒЫМ – МЕНІҢ МАҚТАНЫШЫМ» атты халықаралық байқауда ТӨ-9-13г оқу тобының студенті Даулетбаева Анар І ОРЫН иеленді!
Тігін өндірісі – шығармашылықты, дәлдікті, шеберлікті талап ететін сала. Шәкіртіміз өз ісіне деген сүйіспеншілігін, кәсіби дағдыларын жоғары деңгейде көрсете білді.👍
Колледжіміздің абыройын асқақтатқан Анарды және жетекшісі Жансая Маликованы шын жүректен құттықтаймыз! Болашақта бұдан да биік белестерді бағындыруларына тілектеспіз!