• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 14.03.2025
  • 48

АМАЛ КЕЛДІ - ЖЫЛ КЕЛДІ!

14 наурыз күні “ORDA” жоғары колледжі мен Облыстық жастар ресурстық орталығы бірлесе отырып, «Амал келді, жыл келді» тақырыбында ардагерлер мен жастардың кездесуін ұйымдастырды. Кездесу ұлттық дәстүрімізді жаңғырту мен ұрпақтар сабақтастығын нығайтуды мақсат етті.

Кездесу барысында ұлттық дәстүрлердің мәні айшықталып, қазақ халқының бауырмалдық пен татулыққа негізделген құндылықтары насихатталды. Шараны жүргізуші А.Сейтжанов Амал мерекесінің тарихына тоқталып, оның ежелден халықтың өмірінде алар орны туралы ой қозғады.

Ардагерлер елдің болашағы, дәстүрдің жалғастығы, еңбектің қадірі жайлы тағылымды әңгіме өрбітті. Қызылорда облысы бойынша «Қызылорда-Невада-Семей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әбіш Сәбит Ыдырысұлы, Тәжік-Ауған шекарасындағы жауынгерлік қимылдарға және әскери қақтығыстарға қатысушылардың Қызылорда облыстық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Орынбайұлы Марат, «Қарулы күштерінің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Ршауов Мыңділда Сағидоллаұлы, «Қызылорда облысы бойынша Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығыстарды реттеуге қатысқан ұрыс қимылдарының ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлегенов Болатбек Шымбайұлы жастарға құнды кеңестерін айтып, өмірлік тәжірибелерімен бөлісті.

Ұрпақтар сабақтастығы үзілмей, ұлттық дәстүріміз ұлықтала берсін! Амал мерекесі құтты болсын!