
ҰЛЫ ЖЕҢІС КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
9 Мамыр – ерлік пен даңқтың, қажыр мен қайсарлықтың, бейбітшілік пен бірліктің жарқын нышаны. Бұл – қан майданда жеңіс жолын салған батыр бабаларымыздың есімін мәңгі есте сақтайтын, ұрпақ жадында өшпес із қалдырған күн.
Бүгінгі бейбіт өміріміз – сол ержүрек жандардың жанқиярлық ерлігінің нәтижесі. Олардың рухына бас иіп, алғысымызды білдіреміз.
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
Сіздерді Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Осы айтулы мерекеде әрбір отбасыға амандық, береке-бірлік, Отанымызға тыныштық пен өркендеу тілейміз.
Ұлы Жеңіс күні құтты болсын!
«ORDA” жоғары колледжі