• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 08.06.2025
  • 32

"ORDA" ЖӘНЕ SELÇUK УНИВЕРСИТЕТІ АРАСЫНДАҒЫ ЖАҢА БАҒЫТ



17-18 сәуір күндері «ORDA» жоғары колледжінде өткен халықаралық конференция аясында қабылданған ортақ шешімдер нақты іске асып келеді. Солардың бірі – Түркияның Konya қаласындағы SELÇUK ÜNİVERSİTESİ оқу орнымен жасалған серіктестік.

 Түркиядағы Стамбул университетінен кейінгі ең ірі жоғары оқу орындарының бірі саналатын SELÇUK ÜNİVERSİTESİ – үлкен білім шаһары. Университеттің ауқымды құрылымы таң қалдырмай қоймады:
 65 610 студент;
 392 362 бітіруші түлек;
 3 147 профессор-оқытушы;
 4 279 қосымша қызметкер;
 24 факультет;
 7 институт;
 5 жоғары лицей;
 7 кәсіптік лицей;
 53 ғылыми зерттеу орталығы;
 187 студенттік ұйым.

Осындай іргелі оқу орнымен ынтымақтастық орнату – “ORDA” жоғары колледжі үшін үлкен мәртебе.

Іссапар аясында колледж делегациясы SELÇUK ÜNİVERSİTESİ-нің Технология факультетінің оқытушысы, профессор-доктор, халықаралық координатор RECAİ KUŞ мырзаның жетекшілігімен университет ғимараттарымен, материалдық-техникалық базасымен, оқу үрдісінің ұйымдастырылуымен танысты.

Сонымен қатар, «Сән үлгісі және тігін өндірісі» бағыты бойынша профессор-доктор NURKAH ÖZKAN KUŞ ханым «MİMARLIK ve TASARIM FAKÜLTESİ» ғимаратын таныстырып, қолданбалы өнер туындылары мен тігін өндірісі көрмесін көрсетті. Тігін цехының заманауи жабдықтары, студенттердің шеберлігі мен оқу барысы үлкен тәжірибе болды.

Кездесу барысында маңызды шешімдердің бірі ретінде профессор-доктор NURKAH ÖZKAN KUŞ ханымның келесі оқу жылында “ORDA” жоғары колледжінде дәріс беруі жоспарланып отыр. Бұл халықаралық деңгейдегі білім алмасудың нақты көрінісі болып табылады.

Екі оқу орны арасындағы кәсіби серіктестік алдағы уақытта нәтижелі жобаларға ұласады деп сенеміз.