
“ORDA” ЖОҒАРЫ КОЛЛЕДЖІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТА
Білім – шекарамен шектелмейді. Бұған “ORDA” жоғары колледжінің Түркиядағы Eskişehir қаласына жасаған іс-сапары дәлел.
Түрік елінің Ескішаһар (Eskişehir) қаласына жасалған іс-сапар аясында “ORDA” жоғары колледжі ÖZEL ESKİŞEHİR OSB MESLEKİ VE TEKNİK ANADOLU LİSESİ оқу ордасымен өзара әріптестік жөніндегі меморандумға қол қою мәртебесіне ие болды.
Меморандум аясында:
оқытушылар мен студенттердің алмасуы;
ғылыми зерттеулер жүргізу;
халықаралық конференциялар мен семинарлар ұйымдастыру;
е-платформада оқыту жүйесін дамыту;
симпозиумдар мен бірлескен жобалар өткізу сынды маңызды бағыттар қарастырылды.
Кәсіби ынтымақтастықпен қатар, түрік лицейінің заманауи оқу-өндірістік шеберханалары, қалдықсыз технологияларға негізделген қайта өңдеу жүйесі, студенттердің мекемелерге арнап заттар жасап, оны сатуы, дуалды оқыту моделінің нақты іске асуы ерекше әсер қалдырды. Бұл білім мен бизнестің өзара үйлескен жарқын үлгісін көрсетті.
Сапар аясында білім ордасының директоры BÜLENT SEGMEN мырза, колледж құрылтайшысы Мұрат Бақтиярұлына, Зағипа Басықарақызына, колледж өкілдері Гүлжамила Сермағанбетқызына, Әлайдаp Сәнуарұлына, Ақбота Сакеновнаға екі ел арасындағы ынтымаққа қосқан үлестері үшін алғыс хаттар табыс етті.
Сонымен қатар, лицей оқушылары өз қолдарымен жасаған бұйымдарын естелік ретінде тарту етіп, жылы ықылас білдірді.
Білім ордасы директоры Bülent Segmen мырзаға, директордың орынбасары Gönül Türüt Kesim ханымға алғысымыз шексіз!