• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 10.06.2025
  • 25

ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ



Колледжімізде жазғы уақытта студенттердің өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын сақтау және түрлі төтенше жағдайлардан сақтандыру мақсатында түсіндірме жұмысы жүргізілді.

Колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Аблибаттаева Гүлнар Мәуленқызы жазғы демалыс кезеңінде қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау қажеттігін атап өтті. Ол суға шомылу кезіндегі қауіпсіздік, жолда жүру ережелері, түнгі уақытта қоғамдық тәртіпті сақтау секілді маңызды жайттарға тоқталды.

Қызылорда қалалық полиция басқармасы ЖПҚб ЮПб-нің 3 әкімшілік учаскелік полиция инспекторы, полиция лейтенанты Шахидинов Жандос Пірәліұлы құқықтық сауаттылық, кәмелетке толмағандардың жауапкершілігі, тыйым салынған заттардан аулақ болу және құқық бұзушылықтың салдары туралы нақты әрі түсінікті түрде ақпарат берді. Ол жастарды заңды құрметтеуге, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Колледж психологы Асанова Дина Қазбайқызы түрлі қысым, буллинг, зорлық-зомбылық және басқа да психоэмоциялық күйзеліс жағдайларында көмек сұраудың маңызын атап өтті. Ол студенттерге сенім телефондарының тәулік бойы жұмыс істейтінін және қандай да бір қиындық туындаса, жалғыз қалмай, міндетті түрде көмекке жүгіну қажеттігін жеткізді.

Студенттеріміз өз өмірлеріне, қауіпсіздіктеріне жауапкершілікпен қарап, салауатты әрі саналы демалыс өткізеді деп сенеміз.