• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 25.01.2025
  • 58

ҚОҒАМДЫҚ МҮЛІК - ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК

“Orda” жоғары колледжінде студенттер арасында қоғамдық мүлікті қорғау маңыздылығына арналған түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылып, арнайы бейнеролик түсірілді. Бұл бейнероликте колледж мүлкін таза ұстаудың және оны қорғаудың біздің сапалы білім алуымызға, болашаққа сенімді қадам жасауымызға тигізер үлесі ерекше екені баяндалды.
Колледж – баршамыздың ортақ үйіміз. Оның таза, әдемі әрі қолайлы болуы әрбір студент пен оқытушының жауапкершілігінде. Сондықтан колледж аумағында бұзақылыққа жол бермеу, мүлікке ұқыпты қарау – баршамыздың міндетіміз. Мүліктің зақымдануы немесе бүлінуі орын алған жағдайда тиісті шаралардың қолданылатыны ескертілді.
Тазалық пен тәртіпке үлгі болу – әрбір студенттің азаматтық борышы. Біз бірге әрекет етсек, колледжімізді тек жайлы ғана емес, үлгілі мекенге айналдыра аламыз. Ортақ үйіміздің көркейіп, дамуы үшін әрқайсымыз атсалысайық!