• Хат жазыңыз:Email: ko_kazguu@mail.ru
  • Мекен-жай:Қызылорда қаласы, Қонаев 17
  • Телефон:+7 (7242) 277527
Blog Detail Image
  • 13.12.2024
  • 12

«АҚЫЛДЫ ТАЛАНТТЫ ЖАСТАР – БОЛАШАҚҚА ЖОЛ БАСТАР» АПТАЛЫҒЫ ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Жас ұрпақтың білім мен шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған «Техникалық мамандықтар» бөлімінің «Ақылды талантты жастар – болашаққа жол бастар» апталығы аяқталды. Бұл шара студенттер мен мектеп оқушыларының білімі мен шеберлігін арттыруға, жаңа идеялар мен тәжірибелер алмасуына үлкен  үлесін қосты.
Апталыққа колледж студенттері мен мектеп оқушылары белсене атсалысып, түрлі байқаулар мен шараларда өздерін жоғары деңгейде көрсетті. Білім беру сапасын арттыруға, шығармашылық ойлау қабілетін дамытуға арналған бұл апталық жас таланттарға өз әлеуетін танытуға мүмкіндік берді.
Апталық қорытындысы бойынша:
🔺Жеңімпаздар арнайы дипломдар мен сыйлықтармен марапатталды.
🔺Белсенділік танытқан барлық білім алушылар алғыс хаттарға ие болды.
Білім алушылардың өзін-өзі дамытуына, жаңа идеялармен бөлісіп, тәжірибе алмасуына жағдай жасау – апталықтың басты жетістігі болды.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Алға қойған мақсаттарымызға бірге жетіп, болашақта осындай шараларды дәстүрлі түрде жалғастыра берейік!