
🎓 ҚАНЫШ СӘТБАЕВТЫҢ 125 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ҒЫЛЫМИ КОНФЕРЕНЦИЯ
Академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдық мерейтойы аясында 1-курс студенттері арасында «Қаныш мұрасы – халық қазынасы» атты ғылыми конференция ұйымдастырылды. Жас ғалымдар белгілі тұлғаның өмірі мен еңбегіне арнап зерттеулер жүргізіп, тың деректермен бөлісіп, өз ұсыныстары мен көзқарастарын ортаға салды. 🔍✨
🏆 Жеңімпаздар:
І орын – Алпысбай Хамза Нұржанұлы (БҚ-9-14г тобы)
ІІ орын – Мейрамбекқызы Тоғжан (БҚ-9-34г тобы), Амангелді Назым Маратқызы (ББ-9-14г тобы)
ІІІ орын – Болат Махаббат (ШТ-9-14г тобы), Жакешова Дильназ және Тастемірқызы Ерке (НО-9-24г тобы)
Бұл конференция жас ғалымдардың Қаныш Сәтбаев мұрасына деген құрметін арттырып, олардың ғылыми ізденісіне серпін берді. 👏 Барлық жүлдегерлерді құттықтаймыз және алдағы уақытта да сәттілік тілейміз!
🔹 Ұйымдастырушы: қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Г.М. Фазылова